Қыс мезгілінде көптеген су айдындарын мұз басып, мұз астынан балық аулауға мүмкіндік туады. Осы кезде мұз қатқан өзеннен өту кезінде сақтық шараларын білу және сақтау қажет: мұздың беріктігі келесі критерийлер бойынша анықталады. Өзен арқылы жаппай жаяу өту мұз қалыңдығы кемінде 15 см болғанда ұйымдастырылуы мүмкін.
Мұздың қалыңдығын өлшеу үшін өткелдің жан-жағынан ойықтар (олардың арасындағы қашықтықты — 5 м ету ұсынылады) ойып, оларды өлшейді. Мұз екі қабаттан тұрады: жоғарғы (лайланған) және төменгі (мөлдір және берік). Мұздың нақты қалыңдығын өлшеуге болады. Мұздың беріктігін аяқпен тебу немесе секіру арқылы тексеруге болмайды.
Мұздағы жүріс-тұрыс қағидасы:
— жұқа қатпаған мұзға шықпаңыз;
— мұздың жекелеген учаскелеріне топтанып жиналмаңыз;
— мұз үстіндегі ойықтарға, жарықтарға, жақындамаңыз;
— тыйым салынған жерлерде су айдынындағы мұз үстінен өтпеңіз;
— түнгі уақытта мұзға шықпаңыз;
— өткелден тыс мұзға мотоциклмен, автомобильмен шықпаңыз.
Төтенше жағдай кезінде «112» телефонына қоңырау шалыңыз.
Тасқала аудандық ТЖБ