Биылғы жұмыс жоспарын талқылады


Бүгін Орал қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, биылғы жылдың еншісіндегі жұмыс бағыты талқыланды.


Қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Нұрбаев жүргізген жиында Оралдағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы баяндады.


– ҚР-ның «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабына және ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен жұмыскерлердің тізімдік санына қарай пайыз мөлшері белгіленгенде, квоталарды іске асыратын ұйымдардың тізбелері қаулымен айқындалмаған. Сол себепті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2018 жылғы 12 қаңтарда «Орал қаласы бойынша 2018 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квоталарды іске асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау туралы» бұйрықпен 76 ұйымды айқындап, олардағы жұмыс орындарының саны, бос жұмыс орындары туралы мәліметті жинақтады, – деді Ерлан Ерсайынұлы.


Бөлім басшысының мәліметінше, өткен жылдың соңында халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 8364 адам жолығып, 6589-ы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Соның ішінде 4631-і (70,2%) тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылса, бүгінде 4297-сіне (92,7 %) міндетті зейнетақы жарналары аударылған. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелерін жұмыспен қамтудың кешенді шаралары шеңберінде облыс орталығында атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Бұдан әрі қоғамдық кеңес мүшелері әрбір сала бойынша комиссиялардың биылғы жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен танысып, талқылады.
Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *