Жуырда Төтенше жағдайлар басқармасы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Өмір - тіршілік қауіпсіздігі» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді.
Шараға Орал қаласының №21, №43 мектептерінің 9-10 сынып оқушылары мен студенттер қатысты.
Жиналғандар шара барысында құтқарушы, өрт сөндіруші және апаттар медицинасы орталығы дәрігерінің мамандықтарымен танысты. Кездесу барысында Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күнделікті атқаратын жұмыстары, құтқарушы мамандығының ерекшелігі туралы айтты. Төтенше жағдай кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету жөнінде ұсыныстар беріп және шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің әдістерін үйретті.
Сабақта балалар Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алатын төтенше жағдайлар туралы оқыту роликтер көрді, «қауіпсіздік диалогына»қатысты. Өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарымен танысып, оларды киіп көрді .
И. Утешева,
Орал қаласы ТЖ басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау майоры