2020 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 8 күн демалады. Осылайша наурыз биылғы жылы ең көп демалатын айы болмақ, — деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің азаматтары ұлттық және мемлекеттік мерекелер, сондай-ақ кәдімгі демалыс күндерін демалады. Аталған 8 күннің ішіне Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз бар.
Халықаралық әйелдер күніне орай қазақстандықтар 3 күн, яғни 7, 8 және 9 наурызда, ал Наурыз мерекесінде 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін 5 күн демалады.