Тұрғын үйде болатын өрттің алдын алу

Тұрғын үйлерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды  орындауды ұсынамыз.

Пештің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз, саз-құмды ертіндімен сылап, оны әктеңіз; пешті кемінде 38 см аралықта өңдеңіз; қатты отынмен жанатын  пештің есігінің алдына кемі  50 * 70 см метал қаңылтыр қағыңыз; жиһаз, перделер мен басқа да жанғыш материалдарды пештен  0,5 м қашықтықта орналастыру, жылыту пешінің үстіне ағаш, киім және басқа да жанғыш заттарды кептірмеу қажет.

Ақаулы пеш өртке себепші болып қана қоймай, пеш жарықтарынан шығатын улы газбен улануға әкелуі мүмкін. Жоғары температура әсерінен балшық ерітіндісі тігістерінде,   алапта және түтін арналарында  қалыптасқан жарықшақтар боялуы нәтижесінде аса қауіп төндіреді.

Атап өтетін жайт кейбір жеке үй «иелер» ағаш пен көмірді үнемдеуге тырысып, қолдан жасалған электр жылытқыш құрылғыларын орнатады және  қорғау аппараты бар  электр есептегішті  қосады. Нәтижесінде электр өткізгіш қатты қызып, тұтанып жанады. Үй иелері кейде  пеш жағады. Ал егер сіздің үй осы үйдің жанында орналасса ше?

Азаматтар! Осындай жағдайларда мұқият болыңыздар, себебі құрылғының жөнді істемеуі немесе пештің дұрыс орнатылмауы, қолдан жасалған электр жылытқыш құрылғыларын пайдалану нәтижесінде туындаған әрбір өрт материалдық шығын келтіріп қана қоймай, адам өмірін де жалмайды.

Бәйтерек ауданы ТЖБ

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *