Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие — басымдыққа ие!

Қазіргі таңда жемқорлық кез келген елдің экономикалық өсуіне  кесірін тигізер маңызды фактордың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанда бұл мәселемен күреске жалпы мемлекеттік мәртебе беріліп, қоғамдық әрі саяси ұйымдармен бірге жолын кесу, алдын алу бойынша көлемді шаралар жүзеге асырылуда.

Бұл бағыттағы белсенді жұмыстар БҚО Төтенше жағдайлар департаментінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 2018-2020 жылдарға арналған жемқорлықпен күрес бағдарламасына сай бөлімшелерде жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарды уақтылы алдын алу кешенді іс-шаралары құрастырылды.

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жүргізілген шара айқын мысал. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – онымен күрестегі әсерлі қару және де осы мақсатта Департаменттің инспекторлық құрамына РУ170/1 түзеу мекемесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталған бұрынғы ішкі істер органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық әрекетінің қиын зардабы және ең бастысы отбасы, туыстары мен жақын адамдарды ойлағаны жөндігі туралы айтылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаев жемқорлықпен күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін, Қазақстан үшін жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін бірнеше қайта атап өткен болатын. Мемлекеттің және қоғамның, бизнестің  өзара сенім, жауапкершілік, серіктестік, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуы, құқықтық түсінігі негізінде  бірігуі арқасында  ғана біздің еліміздегі жемқорлық деп аталатын қоғамдық кесірді жоюға мүмкіндік береді.

 

 М. Алекешев,

Батыс Қазақстан облысының ТЖД кадр саясаты бөлімі бастығының м.а. азаматтық қорғау капитаны

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *