Жуырда Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Шара барысында прокурорлар жиырмадан астам азаматты қабылдап, 26-сы олардың балаларының пайдасына 6 млн. теңге алимент бойынша берешекті өндіру туралы атқарушылық құжаттар бойынша өндіруші екені анықталды.
Акция нәтижесінде арыздар қабылданып, қасақана борышкерлердің тізімі және мәжбүрлеп өндіруге бағытталған шаралардың жоспары жасалды.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қаңтарында қасақана борышкерлердің берешегі 42 млн. теңгеден 39 млн. теңгеге азайтылды.
Сот орындаушылар және полициямен бірлесіп 5 борышкер әкімшілік (ӘҚБтК-тің 669-бабы) және 10 тұлға қылмыстық (ҚК-тің 139-бабы) жауапкершілікке тартылды.
Еске салайық, құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қызмет көрсетеді. (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін)
Поштаның мекен-жайы: 7112154@prokuror.kz
Байланыс нөмірі: 8711-2 – 51-08-32
Бауыржан Ахметжан,
БҚО прокуратурасының ресми өкілі