Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны енді онлайн істеуге болады.
Әдеттегідей, egov.kz порталы – сіздің басты көмекшіңіз. ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады. Бұл үшін: Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз «Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.