Ағашты заңсыз отаған

Өткен жылдың соңында Орал қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Шаған өзені жағалауында орманда  сирек кездесетін  теректерді кесіп, отын ретінде жинастырып жүрген бейтаныс тұлғаны көрген бір қала тұрғыны  хабарласқан еді.

Оқиға орынына нақтырақ айтсақ, тоғай ішіне  барған учаскелік полиция инспекторлары ағаш кесіп жүрген кісіні көрген.  Осы аудандағы «Көктем» саяжай қоғамының тұрғыны арнайы арамен отап кесіп алып жүргенін полицияға мәлімдеген.

Учаскелік полиция  инспекторлары бейтаныс азаматтың 1976 жылғы Орал қаласының тұрғыны  екенін, теректерді пешке жағу үшін отын ретінде  кесіп жүргенін анықтады. Кесілген теректерді инспекторлар жиыстырып, қандай ағаш түрлері, өзге де мақсатты сараптамаларды алу үшін  облыстық орман қорғау  басқармасына хабарлап, мамандарды шақыртқан. Бейтаныс азаматқа түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Тоғай ішінен 8 түп ірі,  биік  ағаштар кесілген екен. Инспекторлар ағашты кескен азаматқа әкімшілік хаттама толтырды. Көп кешікпей сот медициналық сараптаманың қорытындысы шығарылып,  6 қарағай, 2 күл ағашы, барлығы 8 дана ағаштың кесілгені анықталды. Мамандардың айтуынша, 1976 жылғы С. есімді азамат мемлекетке  38 мың 544 теңге көлемінде залал  келтірген. Қажетті материалдар жинақталып, сотқа жолданады. Жуырда осы іске қатысты Орал қаласының әкімшілік сотында сот процесі өткізіліп, аталмыш іс қаралған. Ағаш кескен С.есімді азаматқа ҚР ӘҚБТК-тің 381 бабының 1 тармағына сай айыппұл салынды, Сонымен қатар, ол 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл төлейтін болды.

№2 учаскелік полиция пункітінің аға учаскелік инспекторы полиция майоры  Рафхат Мұсағалиев: Бұл азамат айыппұлын төлейді, ал ағаш кескен арасы, өзге де бұлтартпас айғақ заттар тәркіленді, ­­- деді.

Тәртіп сақшылары заңның баршаға ортақ екенін айтып, заңсыз ағаштар мен жас теректер кесілмеуін, табиғатқа зиян келтірмеулерін талап етеді.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *