Жуырда қаламызда «Орал ақшақары» атты қысқы спартакиадасы өтті. Қысқы спорт ойындары мәнерлеп сырғанау және конькиден облыстағы бірнеше құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарысқа түсті.
«Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы облыстық филиалы мен облыстық конькимен сырғанау спортынан жасөспірімдер мен балалар мектебі бірлесіп ұйымдастырған жарыста әр департамент атынан шыққан ерлер мен әйелдер командалары жалтыраған мұз айдынында сырғанаудан сынға түсті. Спартакиадаға 4 спортшыдан құралған 8 команда қатысты. «Орал ақшақары» атты конькимен сырғанау жарысының ашылу салтанатында алғаш сөз алған «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы облыстық филиалының төрағасы Павел Ставкин жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі. П.Ставкин бірінші болып мәре сызығында от алып тұрған спортшыларға команда беріп, қысқы спартакиаданы ашық деп жариялады.
Қатысушы команда мүшелері командалық есеппен және жекелей сында мұз айдында сырғанап, бақтарын сынады. Жарыс соңында қыздар арасында БҚО ПД қызметкері Наталья Борзикова бірінші орынды жеңіп алды. Ал жүлделі екінші орынды мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Аққайша Иманғалиева иеленсе, 3 орын мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Инабат Қожанға бұйырды.
Ер азаматтар арасында облыстық төтенше жағдайлар демартаментінің қызметкері Айдос Құлмурзиев жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орын мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Олжас Дәулетқалиевке тапсырылса, 3 орын төтенше жағдайлар департаментінен келген Қанат Құрмашевқа берілді.
Эстафета тапсыру сынында жүлделі бірінші орынды төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне жеңіп алды. Екінші орынды мамандандырылған күзет басқармасы, үшінші орынмен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері марапатталды Жалпы командалық есеппен бірінші орынды мамандандырылған күзет басқармасының командасының бұйырса, 2 орынды төтенше жағдайлар командасы, үшінші орынды БҚО ПД командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар мен жекелей сындағы спортшыларға «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы атынан сыйлықтар табыс етілді.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі