Ақпанның 22-сі күні Зашаған кенті əкімдігі мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен №50 орта мектепте әскери-патриоттық тәрбие сағаты өтті.
Шараның мақсаты — оқушыларды əскери-патриоттық рухта тəрбиелеу, əскерде қызмет етуге деген ынталарын арту жəне жоғары əскери оқу орындарына түсуге шақыру. Оқушылармен кездесуде сөз алған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің əскери қызметшісі Роман Дүйсенғалиев пен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының əскери қызметшісі Нұрлан Баймұханов əскери қызметтің мəртебесі жəне жоғары əскери оқу орындарына түсу талаптарымен таныстырды. Ал Құрлық əскерлері əскери институтының курсанты Əділбек Самиғолла, Əуе қорғаныс күштері əскери институтының курсанттары Еркебұлан Жұмагелдиев пен Еділ Қарабаев əскери өмірдің қыр-сыры туралы әңгімелеп, оқушыларды Отан қорғау жолында қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар курсанттар балаларды қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Әңгіме барысында оқушылардың көбі жоғары əскери оқу орындарына түскілері келетіндерін жасырмады. Зашаған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Манарбек Хайрушев өз сөзінде қазақ баласы өз халқын құрметтеп, елін сүйіп, Отанына адал қызмет ету керектігін айтты. «Елін сүю – ол елінің патриоты болу деген сөз. Бұл – Отан алдындағы парыз» деді ол. Шараны қорытындылаған Зашаған кенті əкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов қонақтарға алғысын білдіріп, биылғы мектеп түлектеріне болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға кеңес беріп, еліміздің баянды болашағы өскелең ұрпақта қолында екенін жеткізді.
Ләззат Қажымова