Егер нарықтан үй алғанда «7-20-25» қатысушылары пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы.
Бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары арасында бөлініп келген еді. Енді тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Соңғы бес жылда азаматтың басында үйдің болмауы және жинақталған депозит сынды ешқандай талаптар жоқ. Қағидаларға сәйкес әкімдіктер пәтерлер туралы хабарландыруды тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайтын болады.
2019 жылғы кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары (ҚР ИИДМ деректері бойынша) | |
Өңірлердің атауы | Пәтерлердің саны |
ҚР бойынша барлығы | 11 797 |
Ақмола облысы | 240 |
Ақтөбе облысы | 778 |
Алматы облысы | 458 |
Атырау облысы | 1 136 |
Шығыс Қазақстан облысы | 607 |
Жамбыл облысы | 800 |
Батыс Қазақстан облысы | 1 108 |
Қарағанды облысы | 576 |
Қостанай облысы | 1 604 |
Қызылорда облысы | 600 |
Маңғыстау облысы | 103 |
Павлодар облысы | 504 |
СҚО | 78 |
Түркістан облысы | 858 |
Шымкент қаласы | 904 |
Алматы қаласы | 540 |
Астана қаласы | 903 |
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің жалпы аумағы сексен шаршы метрден аспауға тиіс. Осыған байланысты, көбінесе бір-екі-үш-бөлмелі пәтерлер салынады.
Әкімдіктер арқылы қолжетімді пәтерді «7-20-25» арқылы сатып алар жағдайындағы ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі мынадай:
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы пәтерлер | Ай сайынғы төлем, теңгемен
(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде) |
Бір бөлмелі (37 ш.м жоғары) | 37 317 |
Екі бөлмелі (50 ш.м жоғары) | 50 888 |
Үш бөлмелі (65 ш.м жоғары) | 66 154 |
Басқа өңірлердегі пәтер | Ай сайынғы төлем, теңгемен
(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде) |
Бір бөлмелі (37 ш.м жоғары) | 29 400 |
Екі бөлмелі (50 ш.м жоғары) | 39 579 |
Үш бөлмелі (65 ш.м жоғары) |
Дерек көзі: BAQ.KZ.