Жер қойнауын өз бетінше пайдаланған

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданының прокуратурасымен талдау нәтижесі бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз алу фактісі анықталды.

2017 жылы «Б» ЖШС-гі жер қойнауын пайдалануға рұқсатты алмай және қоршаған ортаға эмиссияға келісімсіз Ақтау ауылдық округінің аумағында 16 мың текше метр көлемінде борды заңсыз өндірген.

Осылай экологиялық кодекстің 12-бабының және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 52-бабының талаптарын бұзған.

Серіктестіктің директоры С.-ға қатысты ҚК-тің 334-бабымен (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай ақталмайтын негіздермен тоқтатылды.

Келтірілген залалдың есебін шығару туралы қорытындының негізінде 2019 жылғы 22 қазандағы облыстық соттың қаулысымен «Б» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 21,9 млн. теңге өндірілді.

Сот актісін орындауға борышкерге осы жылдың 6 мамырына дейін уақыт берілді.

Бауыржан Закиұлы,

БҚО прокуратурасының ресми өкілі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *