Сөндірілмеген және бейберекет тасталған сіріңке немесе темекі тұқылдары секілді күнделікті заттардың бұлыңғыр көлеңкесінде жүздеген қор болған өмір, мыңдаған жаралы (жарымжан) тағдыр, миллиондаған жандардың шерлі көз жасы жатыр.
Өңірде өрт санының өсуі мен олардан келетін шығынның теріс үрдісі байқалуда. Мұның себебі — әскери іс-қимылдар мен дүлей құбылыстар емес, әрбір адамның отты қолдануға немқұрайлы қарауы. Әдетте шылым шегушілердің салдарынан осы қайғылы оқиғалар орын алады. Бүгін бұл зиянды әдет жаңа мазмұнға ие болды – қызған күйде (мас күйде) темекі шегу біртіндеп емес, бірден өлімге алып келеді. Алкоголь мен темекі — өрт пен адам өлімінің өзгермес серігі мен себептері. Өрттер мен материалдық залалдың көбею фактілері өртке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру қажеттігінен хабар береді.
Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ішімдікті пайдалану себебінен болған өрттерде адамдардың өлімін азайту және өртке қарсы насихатты күшейту мақсатында өртке қарсы тақырыптағы алдын алу жұмыстарын жүргізуде, яғни арақ-шарап бұйымдарына «Өртте қаза болған әрбір екінші адам МАС БОЛҒАН!!!» стикерлерді жапсыруда.
Бүгінгі күні өрттердің пайда болуы мен адам өлімінің проблемасы азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуі болып табылады. Тек 2020 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында 24 өрт болды, онда 1 адам зардап шекті.
Қазіргі уақытта арақ-шарап өнімдеріне арналған 50 мыңнан астам стикер дайындалды, бұл облыстың «алкогольдік ішімдіктерді жиі қолданаты» тұрғындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
БҚО ТЖД
Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы