Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп, профилактикалық рейд жүргізуде.
Мақсаты – өртте қаза болған және жарақаттанған адамдардың одан әрі өсуінің алдын алу және болдырмау. Қызметкерлер халықпен кездесіп, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін түсіндіру үшін тұрғын үй секторларына барды.
Құтқарушылар қала аумағында тұрғындардың қауіпсіз өмір сүру талаптарын сақтауына және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарын тұрғындар санасына жеткізуге бағытталған профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері, су тасқыны кезіндегі іс-әрекет және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша тақырыптық жаднамалар мен парақшалар таратылды.
Рейд барысында тұрғындар секторда өрттердің пайда болуының ең көп тараған себептері туралы айтты. Электр желісінің шамадан тыс жүктелуі, мас күйінде темекі шегу, пештің ақауы, қысылусыз қалған қосулы электр аспаптары – бұл және басқа да себептер жиі жеке үйлерде жануға әкеп соқтырады. Сондай-ақ рейд барысында құтқарушылар тек қана әңгіме жүргізіп қана қоймай, азаматтарға өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы кеңес беріп, «101», «112» нөмірлеріне қоңырау шалу жайында ақпарат берді.
А. Қалиев,
Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері, лейтенант