Әрбір қазақстандық енді өз мәртебесін WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы біле алады.
Ол үшін +7 700 103 1406 телефон нөміріне хабарлама жіберу керек. Сәлден соң сізге нұсқаулық, сосын сіздің сақтандыру мәртебеңіз туралы ақпарат келеді.
Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ азаматтар өзінің сақтандыру мәртебесін SaqtandyryBot Telegram-арнасы арқылы да біле алады. Ол үшін ЖСН нөмірін жіберу керек.
Сонымен қатар, мәртебені www.egov.kz сайтында, fsm.kz сайтында немесе аумақтық ХҚКО-да анықтауға болады.