Тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 БҚО Теректі ауданының прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында жер комиссиясымен заңсыз шешім қабылдау фактілері анықталды деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, комиссия мүшелері тиісті кворумсыз формалды хаттамалық шешімдер шығарған. Комиссия отырысын заңды деп тану үшін кворумның болуы – қабылданған шешімнің заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі.

Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына және 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 «Жер комиссиясы туралы үлгі ереженің» 16-тармағына сәйкес комиссия отырысы оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі. Алайда 2019 жылғы 23 шілдедегі және 1 тамыздағы жер комиссиясының отырыстарына тоғыз мүшенің тек төртеуі ғана қатысқан. Ал комиссия төрағасы мен орынбасары өтініш берушілердің құжаттарын толық қарамай, жер телімдерінің нысаналы мақсатын беру немесе өзгерту туралы шешім қабылдаған. Осылайша лауазымды тұлғалар заңнаманың талаптарын біле тұра, салғырт қарау салдарынан кворумды сақтамай, заңсыз шешімдердің кабылдануына жол берген.

Аудан прокурорының қадағалау актісімен заңсыз шешімдердің күші жойылып, аудан әкімінің орынбасары Е.Досмақов пен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Нұрғалиев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *