Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық деңгейде ұйымдастырылған акцияларға белсенді қатысуда.
Полиция департаментімен бірлескен «Жолда қабылдау» акциясында тұрғындарға азаматтық қорғау саласы бойынша, әсіресе, жаңажылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз қолдану, оларды балалар мен жасөспірімдердің өздігінен іске қосуына тыйым салу мәселесіне баса назар аударылды.
«Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі «Ашық қабылдау» тікелей эфирінің қолданушыларын азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу, алдағы су тасқынының болжамы, оған дайындық барысы мәселелері қызықтырды.
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы мен азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Сонымен қатар, жаднамалар тарату арқылы алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде адамдардың, оның ішінде балалардың зардап шегуін, жарақат алуын болдырмау үшін жеке қауіпсіздікке мән беру мәселесінебаса назар аударылды.
А.Ж. Мырзагалиева,
БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту
және азаматтық қорғау саласындағы
бақылау басқармасының аға инженері