Шылымдық қоспалар – психологиялық белсенділік әсерін тудыратын хош иістендірілген шөптердің қосындысының жалпы атауы. Мұндағы белсенді заттек синтетикалық каннабиноидтар.
Синтетикалық каннабиноидтар негізінде жасалған және құрамында қолданылған шылымдық қоспаларды тұтынуға байланысты ұзаққа созылған психоз және психикалық жағдайдың болатынын ғылыми растаған дәлелдер бар. Сонымен қатар, тұтынушылардың коматозд күйге түсуінің нәтижесінде,сондай–ақ тыныс алу мен жүрек белсенділігінің тоқтауының салдарынан өлімге ұшырататын бірнеше жаппай улану оқиғалары орын алғаны белгілі.
Шылымдық қоспалар неге қауіпті?
- Үнемі түтінмен демалғаннан дауыс қарлығып, жөтел пайда болады, ауыз қуысының, көмей мен бронхтың обырын тудыруы мүмкін
- Темекі түтінінің әсері көздің жасын ағызады, ол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
- Шылымдық қоспалардың улы әсері жүректі айнытуы, құстыруы, артериялық қысымды жоғарылатуы, жүрек қағысын жиілетуі, құрысу мен ес жоғалту және тағы басқа жағдайлар туғызуы мүмкін.
- Түтін орталық нерв жүйесіне әсер етеді,оның салдарынан масайрау, себепсіз жылау, тоқтаусыз күлу, күйзеліске түскеннен елес қуу, бағытты бағдарлау мүмкіндігі жоғалады.
- Шылымдық қоспаларды тұтыну психологиялық аурушаңдыққа, мүгедектікке алып келеді.
Шылымдық қоспалар тез еліктіреді. Алғаш рет тұтынғаннан кейін психикалық, одан кейін физикалық тәуелділік пайда болады.
Сахуова Э.Д.
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
БҚО бойынша филиалының фельдшері