Круглоозерный кентінің әкімі сайланды

Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Орал қаласы Круглоозерный кенті  әкімінің сайлау қорытындысын жариялады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңына сәйкес, Тимур Ашығалиев Круглоозерный кенті әкімі  болып сайланды.

Тимур Құбайдоллаұлы 1974 жылы 24 шілдеде туған, Желаев селолық округінің әкімі. Мекенжайы: Орал қаласы, Ниетқалиев көшесі, 2-үй. Дауыс  беруге  қатысқан  таңдаушылар саны – 14

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *