Бүгін Оралда туристік-экологиялық қозғалыс «Біздің Жайық – Наш Урал» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық фестиваль өтті.
Жайық жағалауын таза ұстау мен мейманжайлықты мақсат тұтқан аталмыш шараға өңіріміздің аудандары, Орал қаласы мен Ресей Федерациясының Орынбор облысының Елек, Первомай аудандарының оқушылары қатысты.
Екі күнге созылған шарада жас экологтар Жайық өзені жайлы плакаттар мен видеороликтер, көркемсөз оқу мен жоба қорғаудан сынға түсті. Үздік деп танылған жұмыстар марапатқа ие болып, бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыстың салтантты жабылуында жас ұрпақты өзен мен оның байлығына қамқор болуға тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ шара аясында балалалардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық шаралар жүргізілді. Жасөсіпірімдер асық ату, тоғызқұмалақ , дойбы ойындарынан бақ сынады.
Гүлзинат ҚИБАТОВА