Батыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері екі күн ішінде алты өрт орын алды. Шатыры, көп қабатты, жеке тұрғын үйлердің верандасы, моторлы бөлігі жанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы қызметі.
7 желтоқсан күні Орал қаласында төрт бөлмелі пәтерлі жеке тұрғын үйде, Короленко көшесі бойынша №59 үйде, №1 және №2 пәтерлердің шатыры, верандасы және жеке заттары жанған.
Кердері көшесі №13 үйдің №2 пәтерінде веранда жанды, сондай-ақ бірдей қашықтықтағы үйде осы нөмір бойынша пәтерде жартылай терезе рамалары және қаптама қабырғалары жанды.
Кердері көшесі 174 үйдің №22 пәтерінде, жатын бөлмесінде 5-қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, төсек-орын және жеке заттары жанған.
Жексенбаев көшесі № 67 үйдің 3-пәтерінде, 2-қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.
Ал желтоқсанның сегізі күні Теректі ауданында, Самара-Шымкент а/ж 274 км, Газель а/ж-ның мотор бөлігі, кабина және термобуткасы жанған.
Бәйтерек ауданы, Трекин а/о, Жайық ауылы, Набережная к-сіндегі 274-үйде, екі қабатты тұрғын үйдің 1-қабатта орналасқан верандасы өртенді.
Өткен екі күн ішінде өрт орнынан 4 адам құтқарылды. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала. 3 газ баллоны шығарылды.
Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай департаменті өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін ескертеді:
— егер үйде (пәтерде) өрт орын алса, дереу 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз.
— терезелерді ашпаңыз, өйткені оттегінің түсуінен өрт күшейеді;
— жақын маңдағы барлық адамдардың қауіпті аймақтан шығу қажеттігі туралы ескертіңіз, оларды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдаңыз;
— электр қуатын өшіріңіз, газды жабыңыз;
— өрт ошағына су құйыңыз;
— мүмкіндік болса, корпуста көрсетілген дайындаушы зауыттың ұсынымдарын ескере отырып, өрт сөндіргіштерді пайдаланыңыз;
— түтіндеген бөлмеде жүгіріп немесе мұрын мен ауызды дымқыл сүлгімен жауып, қабырғаның бойымен шығу қажет;
— табада май жанған жағдайда оны үлкен тарелкамен жабыңыз, бірақ шүберекпен емес;
— өрт туралы хабарламада диспетчерге өрттің нақты орнын, мүмкіндігінше, көлемі мен сипатын, хабарлаған адамның тегін көрсетіңіз.
Пеш, каминді жылыту аспаптарын пайдалану кезінде:
— ақаулы пештер, каминдер және басқа да жылыту құралдарын пайдалануға болмайды.
— жеке тұрғын үй секторында пештер мен пеш құбырлары механикалық зақымданусыз пайдаланылуға тиіс, пешті жағу алдында жанбайтын материалдан жасалған жағу табағы болуы тиіс.
— пеш плитасында отындарды кептіру, пеш құбырының жанында шатырдағы үй-жайда құрғақ заттарды жинау сияқты өртке әкелуі мүмкін.
— пешті пайдалану кезінде жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға тыйым салынады.
— пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға, сондай-ақ пештерді қыздыруға тыйым салынады.
— шатырдағы пеш құбыры әктелген болуы тиіс.
Есіңізде болсын!
Сіздің қауіпсіздігіңіз көп жағдайда Сізге байланысты! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау — бұл сіздің игілігіңіздің, өз өміріңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі!