ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

2019 жылғы 1 қарашасынан  2020 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс аумағында «Қауіпсіз жол»  ЖАШ ұйымдастырылуда, — деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Осыған орай 27 қарашада Орал қалалық полиция басқармасының  әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясы тобы мен ЖПҚб ювеналды полиция тобының инспекторлары Орал қаласындағы жалпы білім беретін мектептер аумағындағы жол белгілерін қарап, кешенді тексеріс іс шараларын жүргізуде.

Осы мақсатта 26 қарашада Орал қ.ПБ ӘПб бастығы полиция майоры Алтай Құсайынов «Ескі әуежай» ауданында орналасқан, қаламыздағы №37 орта мектепте болып, осы төңіректегі жол жүру белгілерін тексерді. Сонымен қатар, жол-техникалық инспекциясы бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы полиция майоры Нұржан Қапизов №24 және №41, №42 және №46   мектептер төңірегіндегі жол өтпесін, жол белгілерінің түзу, жөнді орнатылуын тексеріп шықты.

Қала ішіндегі кейбір мектептер ықшам аудандар ортасында орналасқан. Кейбір мектептер жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер жүретін, күре жолдарға тым жақын орналасқан. Біздер өз тарапымыздан ең бірінші кезекте жолға жақын орналасқан мектептерді есепке алып, осы мектептер қасындағы және жол жиегіне орнатылған жылдамдықты шектеу, «Абайлаңыз, балалар!» , жүгіріп өтуге тыйым салынған сияқты жол белгілерін тексердік. Сонымен қатар, мектептердің жолға қаншалықты жақын орналасқанын ескеріп, қосымша қандай жол белгілерін орнатуға  мүмкіндік бар деген сұрақтарды да қарастырамыз. Мектепке жақын орналасқан  көшелердің жарықтандырылуын, жарығы көрінер көрінбес лампалардың  ауыстырылуын, жол белгілерінің жарқырап, жарықтандырылуын тексерудеміз. Қажетіне қарай құзырлы мекеме басшыларына қатынас қағаздарын жазамыз,– дейді Орал қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Жантемір Иманалиев.


Жедел алдын-алу шарасы аясында 27 қараша күні қала ішінде бес мектептің аумағы тексерілді. Тексерістер алдағы күндері жалғасады.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *