Елбасы күніне арналған волейбол жарысы

Бүгін Оралдағы «Арман» спорт клубында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Жайық» волейбол клубының ашық турниріне арналған волейбол жарысы өтті.

Спорттық шараға 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Атап айтқанда, волейбол ойынында №10, №19, №22, №45, №47, Подстепный орта мектептерінің, №4 және №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған БЖСМ-нің, С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты кешенінің, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының, сондай-ақ «Жайық» волейбол клубының командалары қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен ойыншылар марапатталып, үздіктер анықталды.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды N1 ОРМБЖСМ командасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды «Жайық» волейбол клубы мен М. Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының ойыншылары өзара бөлісті.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *