21 қараша күні Орал қаласындағы Татуласу орталығында медиация мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қоры ұйымдастырған шара медиацияны дамыту мақсатын көздеді.
Дөңгелек үстелге «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Айболат Құрымбаев, «Татуластық орталығының» жетекшісі А.Рахишева, жоғары оқу орнының оқытушысы С.Нұржанов, Батыс Қазақстан Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы студенттері мен қызығушылық танытқан адамдар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында медиация туралы кеңінен сөз болып, қатысушылармен психологиялық тренинг өткізілді, презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар аталған сұрақ төңірегінде қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
«PULS» ақпарат