Осы аптаның бейсенбі күні, яғни 21 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы өтеді.
Бұл акция Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылады. Шара аясында облыс және қала басшылығы, облыстық басқармалар, коммуналдық мекемелер басшылары сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 19.00-ге дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау Орал қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 185 мекенжайы бойынша Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жүргізіледі. Жеке қабылдауға жазылу сол жерде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар бұл күні барлық аудандар, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері жергілікті жерде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтын болады.