БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Осы жылдың 11-15 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakhstan» V-ші республикалық чемпионаты өтті.

38 мамандық бойынша, 400-ге жуық студент қатысқан бәйгеде өңіріміздің намысын қорғаған студенттеріміз «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» аталамынан 3 орын (қола медаль), «Кірпішті қалау» аталымы бойынша жүлделі 2 орынды (күміс медаль) иеленіп, «Дизайн және киімдерді үлгілеу» аталымы бойынша жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі 1 орын (алтын медаль) иеленді. Білім мен біліктілікті бойға жиған жастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *