Полиция қызметкерлері теолог маманмен кездесті

Жеке құрамның қатысуымен ұйымдастырылған шараға облыстық полиция департаментінің  өзіндік қауіпсіздік басқармасы, қалалық полиция басқармасының кадр саясаты бөлімі мен экстремизмге қарсы ісқимыл тобы ұйытқы болды деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Әлемдегі дінаралық шиеленістер және теріс діни ағымдардың қауіптілігі біздің қоғамды да айналып өтпей, зиянын тигізуде. Бұл мәселе құзырлы мекемелер мен ұйымдар назарынан тыс қалған емес.

Кездесуге арнайы шақырылған облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бейімбет Дүйсенәлі қоғамдағы теріс діни ағымдар, жастарды олардан сақтандыру, ата-бабамыздан жалғасқан мейірімділік пен ізеттілік туралы әңгімеледі. Ал жеке құрам қазіргі діннің ахуалы, жат ағымдар мен түзу жолдың ерекшеліктері жөнінде ойларын ортаға салып, терроризм мәселесіне бей-жай қарамайтындарын жеткізді. Теолог Бейімбет Жамбылұлы тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қалалық полиция басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция капитаны Нұрхат Бапенов пен экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Сабыржан Камешов  жүздесуді рухани әңгімелесу сағатына айналдырған теолог маманға алғыстарын білдірді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *