Жуырда жастар арасында рухани және патриоттық сезімді жоғарылату мақсатында әскерилер колледж студенттерімен кездесті.
«Жас Отан» жастар қанаты БҚОФ ұйымдастырған «Жастар керуені» жобасы аясында өткен кездесуге қаламыздағы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық бөлімшесінің бастығы, майор Қуат Ахметқалиев ел қоғаны болар, отаншыл жастарды туған жерге қалтқысыз қызмет етуге шақырып, оларға әскери өмірге баулу жайын әңгімеледі. Сондай-ақ әскерге аттанғалы отырған жас сарбаздар сөз сөйлеп, өз ойларын білдірді. Кездесуде студенттер әскери өмір мен әскерге қабылдау туралы әр түрлі сұрақтарға жауап алды.
«PULS» ақпарат