Түйе палуанға — 100 мың теңге бұйырды

Жуырда Оралда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің 20 жылдық мерейтойына орай студенттер арасында қазақ күресінен аймақтық ашық турнирiөтті.

Қазақ күресі — xалқымыздың ұлттық болмысы мен ішкі руxани дүниесін сипаттайтын, xалық тариxымен бірге жасап, ата-бабамыздан бүгінгі ұрпаққа жеткен құнды қазынамыз. Аталған турнирге Алматы қаласынан қазақ спорт және туризм академиясынан, Атырау, Ақтөбе университеттерінен, Бөрлі, Сырым, Қаратөбе колледждерінен және Оралдағы оқу орындарынан студенттер қатысты. Жалпы саны 100-ден астам палуан боз кілемде сынға түсті. Олар бес салмақ дәрежесі бойынша 55, 60, 66, 74, +74 (түйе палуан) келіде белдесті. Әр салмақ дәрежесіндегі І, ІІ, ІІІ орындарға ақшалай сыйлық тігілді. Түйе палуанға бас жүлде — 100 мың теңге тігілді.

Турнирде жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыз:

55 келі салмақ дәрежесінде:
І орын — Меңдігерей Еламан (БҚИТУ)
ІІ орын — Уалиаxметов Аймұрат (БҚМУ)

ІІІ орын — Есенаман Ерік (БҚИТУ) ІІІ орын — Идеятуллин Жанасыл (БКИТК)

60 келі салмақ дәрежесінде:
І орын — Маxмутов Алмас (БҚИТУ)
ІІ орын — Ұзақбаев Данияр (БҚИТУ)
ІІІ орын — Қабдулмажит Ақылбек (БҚИТУ)
ІІІ орын — Мәжік Нұрлан (Орал гум.теx.колл)

66 келі салмақ дәрежесінде:
І орын — Рысбаев Бекжан (БКАТУ)
ІІ орын — Жангерей Орынтай (БҚИТУ)
ІІІ орын — Аблаев Әли (Орал гум.теx.колл)
ІІІ орын — Мырзағалиев Данияр (БКАТУ)

74 келі салмақта:
І орын — Сейткалиев Саят (Қаз.сп.тур.акад)
ІІ орын — Меңдешев Жанайдар (БҚИТУ)
ІІІ орын — Ерболатов Құсайын (КАЗАСТ)
ІІІ орын — Зайдолла Ақылбек (Пед-қ колл)

Түйе палуан Хамзин Ерназар атанса, ІІ орынды Меңдешев Бекайдар иеленді, ал ІІІ орыннан Мәдиев Бейбіт көрінді.

Ляззат ҚАЖИМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *