Еріктілер қозғалысын дамыту көзделуде

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз жиынында Еріктілер жылы туралы сөз болды. Еліміздегі еріктілер қозғалысы туралы Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының директоры Айболат Құрымбаев пен республикалық «Жеңіс» жобасының координаторы, ұлттық волонтерлік желінің өкілі Айсұлу Жамашова әңгімеледі.  

2020 жыл – Қазақстанда «Волонтерлар жылы» деп жарияланды. Батыс Қазақстандағы Волонтерлікті қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасы аясында бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыруды көздеуде.

Аталмыш жобаның тұсаукесері брифинг барысында өтіп, келесі жылдың перспективалары, осы жылы елімізде волонтерлік рөлді күшейтуге бағытталған қызықты жобалар таныстырылды.

Спикерлер атап өткендей, волонтерлік корпус жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүйелі және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін волонтерлік ағындарды дамыту және басқару бойынша волонтерлік ұйымдар қатарынан бірыңғай Үйлестіру орталығын құруға бағытталған. Волонтерлерді қолдау орталықтары әр облыста брифингтер, бейресми кездесулер, зерттеулер, челлендждер, медиа-сыныптар, іс-шаралар, волонтерлер үшін конкурстар ұйымдастыруды жоспарлауда. Жұмыстары сәтті шыққан волонтерлер туралы медиа-материалдар әзірленеді деп күтілуде.

Жобаның ұзақмерзімді нәтижесі «Студенттік бастама» жалпыреспубликалық волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру, өңірлердегі кез келген әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған «VоБлаго» («Игілік үшін») волонтерлік корпусын құру жолымен осы қызметтің инфрақұрылымын дамытуда жүйелі қадамдар жасалады деп күтілуде.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *