5-6 қараша күндері Орал қаласы аумағында өткен «Anti fraud» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары екі алаяқтық фактісін әшкереледі деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Аталмыш шараның мақсаты – алаяқтық қылмыстарға тосқауыл қою, бұған дейін тіркелген осындай сипаттағы қылмыстарды ашу. Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері ашқан екі фактінің бірі бейтаныс әйелді жер соқтырып кеткен алаяққа қатысты. Дәлірек айтқанда,
1993 жылғы күдікті шаһардағы «Ет комбинаты» ауданында 1959 жылғы әйел адамды терезе жақтауларын жасап беремін деп сендіріп, өз «жұмысы» үшін 100 мың теңгесін қоса алып кеткен. Ізін жасырған күдіктінің алдап кеткенін білген жәбірленуші полицияға арызданады. Осы факті бойынша көрсетілген мекенжайға барған тәртіп сақшылары іздестіру жүргізді. Көп кешікпей алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталып, өзінің қитұрқы әрекеттерін мойындады.
Ал екінші факті порнографиялық мазмұндағы материалдарды бір әлеуметтік желіге заңсыз жариялаған азаматшаның ұсталуына қатысты тіркелген екен. Бұл алаяқтық оқиғасына дереу назар аударған Шаған полиция бөлімінің сақшылары жарнамаларды заңсыз таратқан 1985 жылғы азаматшаны ұстап, бөлімге жеткізді. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы жәйлі пәтерлерді жалға бермекші болып, тұлғалардың бірінен 20 мың, енді бірінен 21 мың теңгеден аса қаражат алып, алдап соққан алаяқтықққа қатысты 13 қылмыс ашылды. Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
«PULS» ақпарат