Жас өнер иелері сайысты

Бүгін қаламыздағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіндегі мектеп оқушылары арасында «Жайық жұлдызы» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өнер сайысы екі жанр бойынша өтті. Балалар көркем сөз және бейнелеу өнері аталымдары бойынша сайысқа түсті.

Шығармашылық сайыстың басты мақсаты– балалардың қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру, жас өнер иелерінің шығармашылық жұмыстарын қоғамға паш ету.

Күзгі  демалыспен тұспа-тұс келген шара оқуышлардың бос уақытын тиімді өткізуіне сеп болды.

Аталмыш өнер байқауда үміткерлердің М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің мәдениет және өнер факультетінің оқытушылары Т.Хамзин мен А.Еликенова бағалады. Жарыс нәтижесінде жас өнер иелері дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің директоры Ө.Қалымбетов балалар мен олардың ата аналары атынан  ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *