Алдағы күндері -5°С-қа дейін күн суытады

Синоптиктер 2-4 қараша күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.   

Белсенді және терең циклон Батыс Сібірге, ал онымен байланысты арктикалық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына ығысты. Батыс өңірлерде күн суытып, аномальді жылудан кейін ауа температурасы климаттық нормадан 1…3°С төмендеді. Алдағы демалыс күндері суық атмосфералық фронттар шығыс бағытта көшуінің салдарынан республиканың көптеген облысында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда. Ал фронттардың артынан ығысатын суық антициклон температураның 3…12°С-қа дейін, оңтүстікте 0-5°С аязға дейін төмендеуіне әкеледі, — делінген хабарламада.

BAQ.KZ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *