Өрт — тілсіз жау. Ол материалдық шығын келтіруден өзге, адам өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін.
2019 жылдың 31 қазан күні 02.21-де « БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қаласы с/т Ягодка мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түсті.
Бірнеше минуттан соң № 6 ӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына барып, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт 50 ш.м. құрағандықтан көмекке № 8 ӨСБ қосымша техникасын шақыртқан. Өрттің себебі және кінәлі тұлғалар анықталуда. Сағат 03.01-де өрт ошағы оқшауланып, сағат 06.00 минутта толығымен жойылды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және 2 техникасы жұмылдырылған.
Б.Хайбуллина
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы