Оралда Майдановты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды

Бүгін Орал қаласында Кеңес Одағы және Ресей Федерациясының батыры, полковник Николай Майдановты еске алуға арналған грек-рим күресінен облыстық  ашық турнир басталды.

Аталмыш турнирге Ресейдің Орынбор қаласы және қала мен  облыс аудандарынан келген спортшылар қатысуда.

Спорттық жарыстың мақсаты –  грек-рим күресін дамыту және кеңінен насихаттау, палуандардың кәсіби шеберлігін арттырумен қатар  жастар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру.

Бұқаралық спортты дамытуды көздейтін турнирде  2003-2005 жылы туған жастар бақ сынауда.

Спорттық шара 23 қазан күні өз мәресіне жетеді.

«PULS» ақпарат

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *