Тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесті

Қаламызда «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы жалғасын табуда. Осы орайда тәртіп сақшылары азаматтардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Акция халық арасындағы ішкі істер органының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату және құқық бұзушылықтың алдын алу көздейді.

Аталмыш іс-шара аясында 15 қазан күні  тәуліктің бірінші жартысында Шаған полиция бөлімі №24 учаскелік полиция пункітінің инспекторлары полиция майоры Рауан Ізбасаров пен полиция лейтенанты Бекжан Нұралиев, №21 учаскелік полиция пункітінің инспекторы полиция капитаны Асылбек Мұратов  өздері қызмет көрсететін аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесті. Тәртіп сақшылары азаматтардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Шаған полиция бөлімінің тәртіп сақшылары 9 мектеп, 4 жоғары оқу орыны, облыстық көпбейінді аурухана, №6 емхана сынды әлеуметтік нысандарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, «Көктем», «Арман», «Жақсы ауыл», «Ипподром», «Сарытау», «Ғалымдар ауылы», т.б. ықшам шағын аудан тұрғындарының, Круглоозерное мен Серебряково ауылының, 11 саяжай қоғамының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыстарға тосқауыл қояды.

– Учаске  ЖАШ  барысында нақтырақ айтсақ, бір айда Круглоозерное мен Серебряково ауылы бойынша 6 қылмыс тіркеліп, ізі суымай ашылды. Пәтер ұрлығы тіркеліп, бір тәулік ішінде қылмыс ашылды. Ұсталған күдіктіден тәркіленген заттар мен  ұялы телефон  үй иесі Марал Көрпееваға кері қайтарылды.Аталмыш екі ауылда 10 бейнебақылау камерасы, 6549 тұрғын бар, тұрғындар саны күн санап артуда,– деді полиция майоры №24 учаскелік полиция пункітінің инспекторы Рауан Ізбасаров.

Рейд барысында шағандық тәртіп сақшылары Гринько көшесі №23 үй тұрғыны Татьяна Иралиева мен Алғабас көшесі №9/2 мекен-жайындағы Лаура Досанованың тұрғын үйіне барып, сауалдарына жауап берді. Республика деңгейіндегі ЖАШ үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ал Шаған  полиция бөлімінің  басшылары жуырда қайрымдылық айы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарттардың үйін аралап, материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *