Адасқан қыз анасымен табысты

Ағымдағы жылдың 8 қазанында кешкі сағат 17.20 шамасында «102» нөміріне №5 емхана қызметкерлері хабарласып, үйін таба алмай адасып жүрген 12-13 жас шамасындағы қыз бала туралы хабарлайды.

Бұл күні Орал қалалық полиция басқармасы  ЖПҚб кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың инспекторы, полиция лейтенанты Светлана Райымқұлова тәуліктік кезекшілік қызметінде жүрген еді. Қабылданған жедел ақпарат бойынша  №5 емханаға бет алған С.Райымқұлова қызды полиция басқармасына алып келген. Істің жай-жапсарын сұрастырған полиция лейтенанты оның жеке басы туралы мәліметтерді  анықтайды. Белгілі болғанындай, қыз баланы ересектер үйге қалдырып, өз шаруаларымен тысқа шығып кеткен екен. Ол болса үйден шығып, №45 маршрутқа отырып, №5 емхана тұсындағы ең соңғы аялдамаға дейін барыпты. Автобус жүргізушісі қыз баладан қайда бағыт алғанын, қаланың қай ауданында тұратынын, ата-анасы туралы сұрағанымен, нақты жауап ала алмайды. Сосын үйінен адасқан шығар деген болжаммен  аялдамаға жақын орналасқан емханаға жеткізген екен.

Жоғалған қыздың ата-анасы мен мекенжайы туралы мәліметтерді анықтаған ювеналды топтың инспекторлары оның анасын полиция басқармасына шақыртты. Қыз баланың 2006 жылы туғаны, арнаулы мектеп-интернатта оқитыны, өзге де деректер анықталды. Шаруаларын күйттеймін деп жүргенде қызын жоғалтып алған анасы қуанышын жасырмай, тәртіп сақшыларының ептіліктеріне ризашылығын білдірді.

Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *