Ауылшаруашылық жәрмеңкесінің орны өзгерді

Орал қаласының әкімдігі 12 қазаннан бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі М.Ықсанов көшесінен «Весы» сауда үйіне ауысатындығын және әр сенбі сайын өткізілетіндігін хабарлайды.
«Весы» сауда үйі қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, сауда алаңдары кәсіпкерлерге тегін беріледі. «Весы» сауда үйі Д.Нұрпейісова көшесі 40/2 мекен-жайында («Жалын» базарының артында) орналасқан.
Сауда орындары бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Весы» сауда үйінің әкімшілігіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8-777-135-92-33, 8-776-117-24-28; Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі: 50-52-06; Орал қаласының ауыл шаруашылық бөлімі: 50-09-77.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *