Әлеуметтік желідегі онлайн байқау

Ұстаздар күні мерекесіне орай өткен онлайн байқауға  қала мектептерінің ұстаздары белсене қатысты.

 Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастырған байқауға қатысушылар талап бойынша ұстаздық қызметке қатысты бірнеше сауалдарға жауап беріп, әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында пост жазу міндеттелген.

Әлеуметтік желі арқылы оқырмандарға мерекелік көңіл күй сыйлай білген ұстаздар бұл тұста өзге қырларынан танылып, жан-жақтылықтарын көрсетті.

Нәтижесінде №46 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстазы Қызғалдақ Сапарғали байқаудың жеңімпазы атанды. Ал жүлделі екінші  орынға №19 ЖОББМ ұстазы Альбина Асылбекқызы мен №5 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Марлен Кушенов лайық деп танылды. Бейне байқаудың үшінші орнын Айнұр Сабыр (№40 ЖОББМ) және Айжангүл Пергалиева (№14 ЖОББМ) сынды ұлағатты ұстаздар иемденді.

Сайысқа белсене қатысқан әрі үздік жазба иелерін және барша қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өткізілді.

Зарина КАИРОВА,

Мониторинг және ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *