БҚО әкімі жаңа орынбасарын таныстырды

Актив отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өзінің жаңа орынбасары Мұхтар Манкеевті таныстырды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Мұхтар Наурызбайұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. Ол Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «инженер», «экономика», Финляндия Республикасында Оулу университетін «бизнес әкімшілеу магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары:

— «Жасыл Ел» Батыс Қазақстан облыстық филиалы жетекшісі, «Жасыл Ел» республикалық штабының жетекшісі,

— «Самғау» ұлттық холдингі» АҚ менеджері,

— ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инжиниринг және жаңа технологиялар трансферті орталығының департамент директоры,

—  «Астана Innovations» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі,

— Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін «Фин Бизнес Хабы» компаниясының директоры, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы болды.

Ол кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, туризм мәселеріне жетекшілік ететін болады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *