Жаңа министрлерді таныстырды

Асқар Мамин жаңа сыртқы істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерін таныстырды деп хабарлайды BAQ.KZ сайты.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ұжымына, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) ұжымына бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен тағайындалған жаңа басшылары Мұхат Тілеуберді мен Бейбіт Атамқұловты таныстырды.

СІМ-нің басқарушылық құрамымен кездесуде Үкімет басшысы Б.Атамқұловқа ҚР сыртқы істер министрі қызметіндегі жұмысы үшін алғыс айтып, оған ИИДМ басшысы ретіндегі қызметіне табыс, ал оның ізін басқан М. Тілеубердіге сыртқы істер министрі қызметінде жемісті жұмыс тіледі. Асқар Мамин Б. Атамқұловты ИИДМ ұжымына таныстырып, тағайындалған министрдің үлкен тәжірибесі мен құзыретін атап өтті.

«BAQ.KZ» сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *