Қатесіз қаланы бірге жасаймыз

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Бірге түзетейік!» байқауын жариялайды.
Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілуде.

Байқаудың мақсаты:
— Көрнекі ақпараттардың мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау;
— Жарнамалардағы қателерді түзетуде қала тұрғындарының белсенділігін арттыру;
— Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында сауатты қолданылуын қамтамасыз ету.

Байқаудың талаптары:
— Фотосуреттер (телефон, фотоаппаратқа түсірілген сурет);
— Қате анықталған жарнамада нысанның атауы мен мекенжайы көрсетілуі керек.
Байқауға әрбір азамат қатыса алады. Қателері бар жарнамалар фотосуретке түсіріліп, 2019 жылдың 1 қарашасына дейін мекеменің saraptama@tilqazyna.kz электрондық поштасына немесе 8 708 738 87 67 whatsapp нөміріне жолдануы тиіс. Сондай-ақ, түсірілген фотосуреттерді инстаграм парақшасына #Til-Qazyna# хештегімен белгілеп салуға болады.

Ең көп қате мен кемшіліктерді анықтаған қатысушылар байқаудың қорытынды шарасында арнайы алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 27-71-33, 8 707 940 70 74 нөміріне хабарласып алуыңызға болады (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы).

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *