Баспана бағасы көтеріледі

Еліміздің барлық қаласында пәтер құны қымбаттаған. Баға әсіресе республикамыздың оңтүстік-шығыс өңірінде айтарлықтай өскен,–деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде баспана бағасының өскені мәлім. Республика бойынша ең үлкен өсім Павлодарда – 3 жарым пайыз. Онда үйдің әр шаршы метрі 185 025 теңгеге дейін көтерілді. Екінші кезекте – Талдықорған. Көрсеткіші — 2,8 пайыз, пәтердің шаршы метрі 189 100 теңгеге жеткен. Қымбатшылық Өскемен қаласын да айналып өтпеді. Бұл өңірде 2,3 пайыз, шаршы метрдің орташа бағасы – 195 925 теңге. Пәтер құны басқа қалаларда да қалысар емес. Маңғыстау мен Атырау облыстарында баға тұрақты. Ал аумағы үлкен, бизнес класты үйлерге қызығушылық төмендеген. Экономистер тұрғын үй бағасының шарықтауына сұраныстың артуы да әсер етті деп отыр.

«Келесі жылы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асқаннан кейін сұраныстың көбеюіне әкеп соғады. Бағаның өсуіне тағы алып келеді. Қазір тек қана өсім болады. Доллар әлемдік нарықта болған соң, ол бізге әсерін тигізеді. Құрылыс материалдары шетелден алып келгеннен кейін ол бағаның ішіне кіреді», — деді экономика сарапшысы Мақсат Сералы.

Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үй құны бұл жылы қатты құбылмақ. Сондықтан экономистер баспаналы болуды жоспарлағандарға бағаның арзандауын күткен бекер дейді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *