Би алаңындағы жас таланттар

Бүгін қаламызда «Би алаңының патшалары-2019» балалар мен жасөспірімдер арасында би байқауы ұйымдастырылды.

Аталмыш шарада жаңадан би өнеріне қадам басып келе жатқан жас таланттар мен танымал би ұжымдары өнер көрсетті. Байқауға барлығы жиырма екі би студиясы қатысты. Кеш бағдарламасында өнер көрсетумен қатар, ұтыс ойындары ойнатылды.Шара барысында қатысушылар ұлттық және заманауи би түрлерінен сайысқа түсті.

Кеш шымылдығын ашқан Әдия Сәлімгерей «Түймеқыз» биін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазір бірінші сыныпта оқитын жас өнер иесі — би билеумен кішкентай кезінен шұғылданады екен.

Балаларға жексенбілік көңіл-күй сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шараның ұйымдастырушылары — «Master Dance» брейк данс би мектебінің жетекшісі Сағындық Дагаров пен «Жұлдыз» би мектебінің жетекшісі Надежда Нугманова.

Бұл байқау — қалалық би студиялары арасында тәжірбие алмасудан өзге жаңа есімдердің танылуына зор септігін тигізеді,-дейді би байқауының ұйымдастырушысы, «Master Dance» брейк данс би мектебінің жетекшісі Сағындық Дагаров.

Кеш соңында әр қатысушыға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқау соңы балалардың би кешіне ұласты.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *