Тәртіп сақшыларын бағдарламамен таныстырды

Жуырда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңесшісі Анаргүл Бақтыгереева Орал қаласының полиция басқармасының жеке құрамына банктің тиімді бағдарламалары мен мемлекеттік сыйақы туралы ақпараттық сағат өткізді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті  «Полиция – халыққа жақын болу қажет» деген сөз күн тәртібінен түспейді. Тәртіп сақшылары  өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілік пен келелі тапсырмаларды жүзеге асыру жолында жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары уақытпен санаспай қоғамдық қаупсіздікті құамтамасыз ету жолында аянбай қызмет қылса, басшы құрам полиция қызметкерлерінің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларын назардан тыс қалдырған емес. Осы ретте қызметкерлерден тұрғын үйлері туралы ақпарат алынды.

Кездесу барысында банк кеңесшісі Анаргүл  Құмарғалиқызына  Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тарапынан сұрақтар қойылды. Отбасылық пакет, үй алуға керек қаражатты жылдам жинауға , бірнеше отбасы мүшесінің атына депозит ашу, депозиттерді біріктіріп тұрғын үй заемын алу, шот жағдайы туралы анықтама алу туралы сұрақтар кеңінен талқыланып, тәртіп сақшаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында банктің нақты байланыс телефондары алынып, тәртіп сақшылары алдағы уақытта байланыста болатындықтарын жеткізді.

Орал қ. ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *