Жасөспірімдер қылмысы

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1975 жылы туған Махамбет ауылының тұрғынынан белгісіз біреулер үйге кіріп, темекісі мен азық-түлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қылмысқа күдікті ретінде осы ауылда тұратын  кәмелетке толмаған үш жасөспірім ұсталды.

Аталған факті бойынша Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Осыған орай БҚО Полиция департаменті ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларына аса мұқиятпен қарауларын сұрайды. Себебі балалық кезде жасалған қателік олардың болашағына әсер етуі әбден мүмкін.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *