Әскерилермен жұмыс жүйелі

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы, подполковник Данияр Кадргалиевтің төрағалығымен жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша отырыс өткізілді. Оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин қатысты.

Кездесу барысында елімізде орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар туралы әңгіме болып, тақырыпқа байланысты бейнеүзіктер көрсетілді.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде өткізілген келесі шара «Әскери ортаға деструктивті идеялардың кіруіне жол бермеу» тақырыбына арналды. Дөңгелек үстел түріндегі шараға облыстық дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Наурыз Ұбаев қатысты. Дөңгелек үстелде алдымен сөз алған басқарманың жасақтау бөлімінің бастығы, капитан Нұрлан Баймұханов шараның маңызына тоқталды. Ал теолог маман жеке құрамның діни сауатын одан əрі жетілдіру мақсатында журналдар табыстап, қойылған əр түрлі сұрақтарға жауап берді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *