Айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты қысқармақ

Ұлттық банк еліміздегі ақша айырбастау орындарының жұмыс уақытын қысқартпақ. Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында жарияланды деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қаулының 5-тарауы 33-2-тармағына сәйкес:

«Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктінің) жұмыс режимі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға 10 сағат 00 минуттан 19 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт шегінде дербес анықтайды» делінген ақпаратта.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *