Президент жәрдемақы алу үшін алаяқтыққа барғандарды қатаң жазалауды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізудің түрлі әрекеттері туралы пікір білдірген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы: «Атаулы әлеуметтік көмек бойынша теріс пиғылды әрекеттер тұтас елге тарады. Өтірік ажырасу, жұмыстан шығу, өз мүлкін басқаға жазу арқылы табысын азайтып көрсету, малын сойып тастау деп кете береді. Жобаны тиімсіз жүзеге асыру халықтың кей бөлігінің масылдық күйге түсуіне әкеп соқты. Бұл – біздің шала жұмысымыз» деді.

Осыған байланысты Президент шын мұқтаждарға ғана көмектесу үшін Үкіметтің нақты әрі ашық процедуралар орнатуы қажеттігін айтты.

«Атаулы көмек бөлуді қатаң бақылауға алып, кез келген алаяқтық пен жемқорлықты қатаң жазалау керек. Үкімет пен әкімдер мұндай фактілердің алдын алып, атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін әкімшіліктендіруді ретке келтіруі тиіс. Көмек атаулы түрде көрсетілуі қажет» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *